Әкімдік қызметкерлерін кім дуалап жүр? Атырауда бейіт басынан табылған қағаздар елді шошытты.
Әлеуметтік желідегі жазбада белгісіз біреулер түрлі есімдер жазылған қағаздардың табылғанын айтады. Бума –бума парақтан адамның аты, кейбірінің тегі және сандардың қаламмен бірнеше рет көшіріліп жазылғанын көруге болады. Жазба авторы есімдердің көпшілігінің жанында әкімдік деп анық жазылғанын оқып, көрсетеді, әрқайсысына сиқыр жасалғанын айтады. Бұл туралы полиция департаменті түсінік берді. Жинақталған ақпарат Дін істері басқармасына жолданғанын хабарлады. Ал аталған басқарма өкілдері тексеріс жұмыстары әлі жүріп жатқандықтан, сұхбат беруді кейінге қалдырды.
Б. Надірқызы