Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ. Әбден: Әлеуметтік мәселелерді шешуге басымдық беремін

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2022
  • 1823

Батаменен ел көгерер. Президенттікке кандидат Қарақат Әбден үгіт-насихат жұмыстары алдында үлкендерден бата алды.

Жастайынан қазақы болмыс пен ұлттық нақышқа ерекше ден қойған ол ең әуелі ата-анасының шаңырағына ат басын бұрды. Бата - адал ниет, шынайы тілек білдіру дәстүрі. Сәтті жұмыстың бастауы. Президенттікке үміткер Қарақат Жақсылыққызы осылай дейді. Үлкендердің ақтілеуінен кейін кандидат сайлауалды бағдаралмасын таныстыру мақсатында аймақтарды аралап, жұртшылықпен кездесуін бастайды. Үміткер өңір-өңірді аралағанда өзекті әлеуметтік мәселелерді ескеріп, оларды оңтайлы шешу тетіктеріне басымдық беремін деп отыр.

Қарақат ӘБДЕН, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР:

Үлкеннің ішінде әке-шешеге дегенқұрмет бөлек. Қазақ ешқашан үлкен істі қариялардың батасынсыз бастамаған. Үйге келіп, үлкендердің батасын алуды жөн көрдім.

Бүгін үміткердің орталық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Алғашқы отырыс өтті. Штаб өкілдері материалдық-техникалық база толықтай жасақталған дейді.

БЕРІК ТӨРЕБЕКОВ, ҮМІТКЕРДІҢ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тиісті тапсырмалар беріліп, дайындық бойынша пысықтаулар өткізілді. Айта кетейін 20 өңірімізде, аймағымызды 20 штабымыз толықтайдайын жұмысқа.

Т. Әлжанов