Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық штабы ашылды.
Кандидатты қолдау жөніндегі штаб еліміздің 20 өңірінде жұмыс істейтін болады. Барлығы 164 ауданда және 37 облыстық деңгейдегі қалада 222 штаб ұйымдастырылды. Кандидаттың республикалық штабының басшысы Төлеутай Рахымбеков штаб жұмысын ресми ашып, кандидат пен сенімді тұлғалардың сапарлары «Есіктен есікке» форматында өтетінін жеткізді. «Ауыл» партиясынан кандидат Жигули Дайрабаевтың бағдарламасы мен ұсыныстары өз жақтастарын табады деген үмітте.
Төлеутай РАХЫМБЕКОВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ БАСШЫСЫ:
Жалпы қоғамдық республикалық штабтың бірінші мақсаты, заңға сәйкес өткізу ұйымдастыру. Жобамыз бойынша мыңнан астам іс-шара өтеді. Әрине, жалғыз үміткер оның барлығын қамтамасыз ете алмайды. Бір айға жуық уақыттың ішінде ол кісінің өзі бүкіл өңірлерге баруға жоспарланып отыр. Сонымен қатар сенімді өкілдері де жұмыс істейді.
Р. Бақытжанқызы