Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Ұлытау облысындағы кеншілермен кездесті

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2022
  • 1611

Президенттікке Үміткер Мейрам Қажыкеннің Ұлытау облысындағы үгіт-насихат науқаны жалғасуда. Ол елдегі ірі өндірістік бірлестіктің бірінде болып, кеншілермен кездесті. Кандидат қызметкерлердің жұмысымен танысып, кеніш шахтасына түсті. Осыдан соң, кәсіпорын мүшелеріне сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ, еңбек адамдарының ұсынысын тыңдады.

Мейрам Зекешұлы алдымен өндірістің асханасында болып, жұмысшылардың ас мәзірімен танысты. Содан соң, медициналық тексеруден өтіп, Анненский кенішінің шахтасына түсті.

Берік БЕКТАСОВ, УЧАСКЕ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз қазір 250 м тереңдікте тұрмыз. Бұл жер су айдау уческесі. Суларды жоғары қарай айдаймыз. Бұл жерде 92 адам жұмыс істейді.

Бұл кәсіпорын - елдегі ірі өндірістік бірлестіктердің бірі. Кеннің жалпы тереңдігі шамамен 900 метр.

Кандидат кеншілерге сайлауалды бағдарламасын қысқаша таныстырды. Еңбек адамдарының ұсыныстарын да тыңдады.

А. Задабек