Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова қоғамдық институт өкілдерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2022
  • 1850

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанымен өңірлерді аралап жүр. Ол алдымен Қарағанды қаласына барды.

Кандидат қоғамдық заңгерлермен, құқық қорғаушылармен кездесті. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен жүздесті. Жиын барысында өзінің сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, кездесуге келгендердің сан түрлі сауалдарына жауап берді. Ол құқық қорғау қызметімен бес жылдан бері айналысып келе жатқанын айтты. Сондықтан, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қазақстандық әйелдердің мүддесін белсенді түрде қорғап жүр. Құқық қорғаушылар мен олар қорғайтын адамдардың жәй-күйін жақсы түсінетінін жеткізді.

Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Расында да халықтың жүрегінде көп маңызды сұрақтар жиналып қалған екен. Олардың күткеніндей бірқатар мәселелерге басын ашып, айтуға тура келді. Кездесу көңілімнен шықты.

Айта кету керек, бұған дейін кандидат Көкшетау қаласына баруы керек еді. Бірақ, ауа райы қолайсыздығына байланысты бұл іс-сапар кейінге шегерілген.

А. Базарбай