Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте Республика күні төрт күн қатарынан тойланды

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2022
  • 1887

Шымкентте Республика күні төрт күн қатарынан тойланды. Ұлттық мерекеге арналған салтанатты шарада шаһардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан үздік еңбеккерлерге мемлекеттік наградалар табысталды.

Республика күніне арналған салтанатты шара құрылысы жақында ғана аяқталған «Көрме» орталығында тойланды. Айтулы күнгі шарада патриоттық әндер шырқалып, фольклорлық ансамбльдің сазы, күмбірлеген күй мен би көптің көңіліне қуаныш сыйлады.

Айта кетейік, Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғанына биыл - 4 жыл. Осы аз жылда миллионды шаһардың экономикалық әлеуеті артып, инвестициялық көрсеткіші едәуір көтерілді.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Биылғы жылдың 9 айында Шымкентке 328 миллиард теңге инвестиция тартылды. Ауыз сумен қамтуда 32 нысан, электрмен қамтуда 28 нысан, газбен қамтуда 21 нысан құрылысы жүргізілді.

Осы жиында қаланың өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан үздіктер ерекше құрметке бөленді. Еңбегі еленгендер Президент жарлығымен ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құрмет» және «Еңбек даңқы» ордендерімен марапатталды.

Лесбай МАЯМЕРОВ, "ҚҰРМЕТ" ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ:

Республика күнінің басқа мерекелермен салыстырғанда деңгейі де биік, себебі қазақтың халқын ынтымаққа, бірлікке, үлкен шаңыраққа шақыратын бұл мерекеге басқа мереке жетпейді.

Сапарбай ӨТЕМІСҰЛЫ, ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ "БАРЫС" ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ:

Екінің бірі ұлттық мереке тойлап жатқан жоқ. Біз халқымыз сол үшін бақыттымыз.

Айта кетейік, Шымкентте Республика күніне арналған шаралар төрт күн қатарынан тойланды.

А. Төребекқызы