Русский Сайттың толық нұсқасы

1500-ге жуық адамға мемлекет кешірім береді

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2022
  • 1316

Сенат Рақымшылық туралы Заңды мақұлдады. Бір жарым мыңға жуық адамға мемлекет кешірім береді. Қаңтар оқиғасында қылмыс жасағандардың басым бөлігі қатысушылар болып саналады. Олар шамамен 700 адам. Барлығы рақымшылыққа ілігеді. Кейбіреулер босатылса, кейбіреулердің жазасы қысқарады.

Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Заң жобасы теріс қылық, ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандарды жазадан толық босатуды көздеп отыр. Ал жазасын өтеп шыққандардан соттылық алынады. Бұдан бөлек, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағандарға жаза мерзімін қысқарту көзделген.

Бірақ террористер мен экстремистер, азаптағандар мен тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар және мемлекетке опасыздық жасағандарға рақымшылық жоқ. Олар заң аясында тиісті жазасын алады. Қайрат Құдайберген және «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ісі де ұйымдастырушы ретінде қаралып жатыр деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев.

Әсет ШЫНДАЛИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде жалпы 20 шақты адам жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырушылар болып, олардың қылмыстары сараланған. Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырушылар рақымшылыққа жатпайды. Тек қана қатысушылар ғана жатады.

Б. Сатуов