Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысы Киікті ауылында былтыр ғана пайдалануға берілген мектептің қабырғасы қақырап тұр

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2022
  • 2722

Қарағанды облысы Шет ауданының Киікті ауылында былтыр ғана пайдалануға берілген мектептің қабырғасы қақырап тұр.

Бұл видеоны мұғалімдер түсірген. Қабырғалардағы жарықтар анық көрінеді, онымен қосы мектеп ауласындағы жол опырылып қалған. Жылдар бойы армандаған жаңа мектеп 700 млн теңгеге былтыр ғана салынған. Жауын жауса, төбеден су ағып, әбігерге түсеміз дейді мұғалімдер.

Бақыт ҚАНТЕЕВ, МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ:

Спорт залдың полдары көтеріліп кетті. Мемлекет осыншама қаражатты беріп осындай зәулім мектеп салынып жатқан кезде, қабылдаған кезде жауапты басшылар қайда қараған?Мемлекеттің қаражаты желге ұшты ма деген ойға қаласың.

Аудандық білім бөлімінің ақпаратынша, мердігер мекеме кемшіліктерді жөндеп береді. Өз есебінен барлық жұмысты атқарады,- дейді.

Елдос СМАҒҰЛ, ШЕТ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Келісімшарт негізінде жаңағы 3 жылдық гарантия мезгілі бар. Соны мердігер өз мойнына алып қабырғаларындағы сылақта сызат түсуіне байланысты күзгі каникулда қазан айында барлық жұмыстарды атқаратын болып мектеп директорына хат жолдап барлық қажетті заттарды мектепке әкеліп қойды.

А. Қуаш