Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысының кәсіпкерлері қолдау сұрайды

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2022
  • 1339

Түркістан облысында биыл алма бітік салғанмен шаруалар оны өткізетін жер таппай жүр. Жергілікті бағбандар жиған өнімін тек ішкі нарыққа ғана, оның өзінде тым арзанға сатуға мәжбүр. Сондықтан бау-бақша өнімдерін пұлдауда немесе өткізуде үкімет тарапынан арнайы қолдау көрсетілсе, - дейді.

Ұзынарық ауылының тұрғыны Серғали Жансейітовтің бауында алманың бірнеше сорты бар. 10 жыл бұрын егілген жеміс ағаштары жақсы өнім береді. Бірақ, оны өткізетін жер жоқ. Жұрт 100 теңгеден қымбатқа алмайды. Сондықтан мемлекеттен қолдау болса дейді.

Серғали ЖАНСЕЙІТОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Егер продкорпорация болсын не болмаса әкімшілік жағынан бір мекеме менімен келісім шартқа отырса жыл сайын 100 тонна сіз бересіз, 50 теңгемен или 70 теңгемен десе мен берем. Бұл төрт бесінші жылда өнім береді. Қазір 1 пайыздық кредит беріп жатыр. Дәл осындай 1 пайыздық кредитті алмаға берсе ол төрт жылдан кейін қайтарса ол саналады.

Жергілікті бағбан алма бауын күтіп баптауы кезінде те, терім мерзімінде де ауыл азаматтарын жұмыспен қамтып отырғанын айтады. Жұмысшылардың жалақысы, суаруы мен тыңайтқышы секілді шығындарына аз ақша кетпейді. Биыл Түркістан облысында 150 мың тоннадай жеміс-жидек өнімі жиналған. 70 мың тоннадай жүзім теріліпті. Бірақ жеңілдетілген несие берілмейді. Мемлекет тарапынан жеңілдік жоқ. Ауыл шаруашылығы басқармасындағылар дайын өнімді өткізу жағын да назарға аламыз дейді.

Сейітжан ӘЗБЕРГЕНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Мекемелерге хат жазып, ұсыныс жазып, өткізу мәселесін алдағы уақытта шешуге тырысамыз. Бұл өте өзекті мәселе өнім өткізу. Оның дайындауын шаруалар дайындады, бірақ өткізу мәселесінде үлкен күрделі мәселе бар.

Өңір бағбандары егер қолдау болса, жеміс-жидектен бөлек жаңғақтың неше түрлісін де өсіруге болатынын айтады. Бадам, тау пістесі секілді елімізде сирек өсетін дақылдарды да егуге мүмкіндік бар дейді.

А. Төребекқызы