Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Павлодар облысына ат басын бұрды. Екібастұз қалалық ауруханасы жанындағы перзентханада жас аналармен және медицина қызметкерлерімен кездесті.
Перзентхана өткен ғасырдың 80-жылдары салынған. Қазір мұнда аурухананы қосқанда 500-ден астам адам еңбек етеді. Жыл басынан бері 1 739 сәби дүниеге келген. Ана мен бала өлімі жоқ. Қарақат Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, дәрігерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ол әлеуметтік және денсаулық сақтау саласына ерекше басымдық бергенін атап өтті. Әсіресе ана мен сәби өлімінің алдын алу, сирек, яғни орфандық аурулары бар балаларға көмек көрсету назарда болмақ.
Кандидат ертең облыс орталығы Павлодар қаласына барады.
Анар АЙДАРХАНОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ Қ.ӘБДЕННІҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:
Облыстық штаб Павлодар қаласында орналасқан. Екібастұзда 3 сенімді өкіл бар. 10 волонтер жұмысқа алынды. Ақпарат құралдарымызды таратуды бастадық. Кесте бойынша жұмыс жасап жатырмыз.
Т. Әлжанов