Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың Ақтөбедегі кездесулері жалғасуда. Бүгін Ақтөбе қаласының тұрғындарымен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын талқылады.
Нұрлан Әуесбаев қала маңындағы Жаңа қоныс тұрғын алабының жұртшылығымен кездесті. Мұнда 1400-ден аса адам тұрады. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған кандидат көпшілікке сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ сұрақ-жауап жүргізді. Халықтың ұсыныс, шағымдарын тыңдады. Мұнан соң, Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарын «Батыс 2» шағын ауданында жалғастырды. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.
Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:
Ақтөбе облысында және Ақтөбе қаласында көптеген тұрғындармен кездестік. Жалпы, бірнеше кездесулер болды. Оның ішінде 200-300 адаммен жолықтық, олардың мәселелерінің барлығын тыңдадық. Осы көптеген мәселелерді өзімізге түртіп алдық. Біз бүгін қайтадан Астана қаласына барамыз, сонда біраз кездесулер болады.
Ә. Дүкембаева