Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда бюджет қаржысына басталып, аяқсыз қалған құрылыстар бар

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2022
  • 2349

Атырауда бюджеттің қыруар қаржысына басталып, бірақ аяқсыз қалған ғимараттар қала көркін бұзып тұр. Заманауи өнер мұражайы мен көрме залы бар ерекше нысан осыдан он жыл бұрын пайдалануға берілуі тиіс еді. Ал оның жанындағы монша кешені де концерт залының күйін кешіп, қаңтарулы күйде. Иесіз қалған құрылыс алаңдары вандалдардың ермегіне айналғалы қашан.

1200 орындық концерт залының қазіргі сыйқы осындай. 10 жыл бойы иесіз тұрған ғимараттың түгі қалмаған. Қабырға әйнектері сынып, темір қондырғыларын тот басқан. Аумақ қоқыс алаңына айналған.

Ерекше архитектуралық ғимарат құрылысы 2011 жылы басталған. Сол кездегі аймақ әкімінің басы дауға қалған кезде, мердігер компанияның үстінен де іс қозғалған. Тексеріс кезінде жасалмаған жұмысқа да ақша аударылғанын анықтаған, - дейд облыстық құрылыс басқармасының маманы.

Нұрлыбек САҚПАРОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Сметалық бағасы концерт залының 3 млрд 800 млн. Құрылыс тоқтатқан уақытта 2012 жылы 2,3 млр жойылып кеткен концерт залының. Соны тексеру кезінде 1 млрд артық кетіп қалғаны анықтаған сол кезде. Ол кері қарай қайтарылды ма, қайтарылмады ма ол жайлы мәлімет жоқ.

Бюджеттің қомақты қаржысы бөлінсе де, жылдар бойы ел игіліне әлі берілмеді. Одан кейін аймақты басқарған 3 әкімнің де қолынан келген жоқ. Шенеуніктердің бірі сауда орнына, тағы бірі балалар орталығына айналдырамыз деп тұрғындарға уәде бергенімен сақалды құрылыс сол күйі қалып қойды. Құрылыс зерттеу инстиуты темір бетонды металл құрылғыларының әбден ескіргенін анықтаған.

Нұрлыбек САҚПАРОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Техникалық обследование жүргізген. Сол кезде концерт залдың темір бетонды құрылғылар, метал құрылғылардың бәрі ескіріп, алға қарай пайлалануға келмейтіндігі жөнінде бір қорытынды шығарылып, аяқтауға 5 млрдтың шамасында қанша қаржы қажет екендігі жөнінде қорытынды шығарылғаннан кейін 2015 жылы облыс мәслихаттың шешімен тиімсіз құрылысты алға қарай жалғастыру тиімсіз болады деген шешім қабылданды.

Құрылыс басқармасындағылар аяқсыз қалған ғимаратты өз теңгеріміне алу үшін жұмыс жасап жатқандарын айтты. Алайда әзірге әрекеттері нәтижесіз. Шенділер арызды дұрыс жазбағандықтан сот қабылдамай қойған.

Мейрамгүл ӨТЕҒҰЛОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Снабойлстрой ЖШС-нен Атырау облысы құрылыс басқармасы ММ-не қабылдау-тапсыру актісінің болу фактісін анықтауды сұраған. Атырау қалалық сотының 2022 жылы 5 қазандағы ұйғарымымен аталған арызды қабылдаудан бас тартылған. Себебі арызданушының қойған мәселесі сотпен анықталуға жататын заңдық маңызы бар фактілер жатпайды. Ұйғарымда тараптардың мемлекеттік сатып алу шартын даулауға құқылы екендігі түсіндірілді.

Құжат бойынша ғимарат иесіз болса да, концерт залы айналасында ауыр техникалар жүр. Жұмысшылар аумақты қоршап, топырақ тасып жүр. Алаңнан жауапты маманды таппадық, тапқандарымыз тілдесуге құлықсыз. Айта кетейік, құны 830 млн теңге тұратын монша кешенінің де болашағы бұлыңғыр.

Б. Нәдірқызы