Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат Н.Әуесбаев халыққа қандай уәде берді?

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2022
  • 1416

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Целионград ауданына қарасты Ақмол елдімекенінің тұрғындарымен кездесті. Шара барысында үміткер халыққа жақын болу үшін сахнадан залға түсті.

Елордаға жақын орналасқан ауылда инфрақұрылым мәселесі шешілмеген. Мектепке оқушы сыймай жатыр. Балабақша да жетіспейді. Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында білім беру және медицина саласына жалпы ішкі өнімнің жылына кем дегенде 5-7 процентін бөлуді ұсынды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілі бұл инфрақұрылым мен жабдықты кезең-кезеңмен жаңартып отыруға, дәрігерлер мен мұғалімдер еңбекақысының банк қызметкерлері деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік береді дейді. Кандидат әлеуметтік саясатқа ерекше назар аударуға ниетті. Айтуынша, әр кездесуде ел үшін маңызды мәселелер көтеріліп жатыр.

Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Тұрғындар жақсы, көп жиналды 100-ден астам адам болды және сұрақтар да сан алуан болды. Айтылған барлық мәселе бойынша ашық пікір алмасу болды.

Р. Бақытжанқызы