Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Корея Президенті Юн Сок Ëльге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды. Президент Сеул қаласында орын алған суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Сеул қаласының Итэвон ауданында көптеген адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай ауыр сәтте еліміздің азаматтары және өзім Корея халқының орны толмас қайғысын бөлісіп, олармен бірге екенімізді айтқым келеді.
Оңтүстік Кореяда ұлттық аза тұту күні жарияланды. Оған ел астанасы Сеулде болған қайғылы жағдай себеп болды. Мерекені тойлау кезінде адам шектен тыс көп жиналған. Осының салдарынан жұрт бір-біріне қысылып қалған. 154 адам жаншылып қаза тапты. Бұдан бөлек зардап шеккендер бар.