Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде гараж иелері жарты жылдан бері өз мүліктері үшін күресіп жүр

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2022
  • 1334

Ақтөбеде гараж иелері жарты жылдан бері өз мүліктерін даулап жүр. Айтуларынша оларды бұзып, орнына көпқабатты тұрғын үй салынбақшы. Кей аумақтарда құрылыс жұмыстары басталып та кетті дейді. Мың жарымға жуық тұрғын енді не істерін білмей жүр. Гаражды жалға алу мерзімі де қысқартылған. Бұған да жауап беретін адам жоқ екенін айтады.

Ерік Бітімбаевтың бұл гаражды алғанына 40 жыл болған. Көпқабатты үйде тұратындықтан көлігін осында қояды. Ал гараждың жертөлесі азық-түлік сақтайтын орын дейді.

Ерік БІТІМБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Машина қоямын. Потому что тұратын жерде аула жоқ. Бізде ДВД машиналары қояды. Бізге орын жоқ. Картоп, соление , варенье подвалда мынау вермешель.

Бұл жерде қазір бір мың төрт жүздей гараж бар. Оның жартысынан көбі жекешелендірілген. Ал қалғаны жалға алып отыр. Енді оларды бұзып, орнына үй салмақшы.

Талғат ӘДІЛ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біреу келіп мына жерге үй салады дейді. Қалай ол? Біз қайда барамыз? Маған мына жерден гараж бермейді ғой ешкім басқа жерден. Бұл гараждарды бұзып тастайды дейді. 100 мыңға алады дейді.

Владимир ОДНОНОЗДРЕВ, ГАРАЖ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Гараждарды жалға алу мерзімі неге 1 жыл ғана екенін білмек болып прокуратураға арыздандық. Өйткені жалға алу мерзімі заң бойынша 3 жыл болу керек. Бізге келген жауапта әкім бас жоспар бойынша бұл жерде көп қабатты тұрғын үй болады деп жоспарланған дейді. Гараж иелерімен мәселені шешпей тұрып олар қалай мұндай жоспар құрады?!

33 гараждың орнына көпқабатты тұрғын үй салуға жер дайындалып жатыр. Құрылыс компаниясының өкілінің айтуынша, әзірге жұмыстар тек сатып алынған аумақта жүріп жатыр.

Елена КОЗЛОВА, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Барлығы заң жүзінде, ешкімді қуып жатқан жоқпыз. Ешкімнен жерді тартып алған жоқпыз. Барлығы екі жақты келісіліп, арнайы келісімшарт бойынша жасалды.

Әкімдіктегілер де жеке гараж иелерінің мүлкін сату, сатпауы өз еркінде екенін айтады. Ал гараждарды ұзақ мерзімге жалға алу мәселесін қарастырамыз дейді.

Сұлтан АМАНШИН, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қалалық әкімшілікте жергілікті жер комиссиясы отырысы болады. Сол кезде ол сұрақтардың барлығы қаралады. Ол үшін кооператив мүшелерінен хат керек. Хат жазған кейін ол мәселені басшылыққа жолдаймыз.

Десе де, енді бұл гараждарды жекешелендіруге рұқсат жоқ. Өйткені қаланың бас жоспары бойынша бұл аумақта көп қабатты тұрғын үйлер бой көтеруі тиіс. Ақтөбе тап осындай жағдайдағы тағы бес бірдей гараж кооперативі бар.

Б. Рақметова