Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде террорлық әрекетке барған 4 азаматқа халықаралық іздеу жарияланды

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2016
  • 1988

Сирияға соғысуға кеткен 4 қазақстандыққа халықаралық іздеу жарияланды. Олар «террорлық әрекетке барған» деген күдікке ілігіп отыр. Тергеу дәйектеріне қарағанда, қылмыскерлердің 2013 жылы Көкшетау маңында болған бірнеше қарулы қылмысқа тікелей қатысы болған. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасы ресми мәлімдеді.

Талғат Ысқақов, Ақмола облыстық прокуратурасы 3-ші басқармасының аға прокуроры:

Маратұлы, Нұрғалиев, Курашов және Қуановтар халықаралық іздеуге алынды. Қылмыстық кодекстің 172 бабы бойынша айып тағылған. Яғни қарулы қақтығысқа қатысқан делінген. Мәселен, Маратұлы мен Нұрғалиев Сирия лаңкестерінің қатарына қосылған екен. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастамасымен биыл оларға қатысты тергеу ісі жүргізіліп отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ