Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат Н. Әуесбаев елордалық құрылысшылармен жолықты

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2022
  • 1480

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев елордалық құрылысшылармен жүздесті.Оларға "Жалпыұлттық социал-демократиялық" партиясы жайлы қысқаша ақпарат беріп, сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Кездесуде құрылысшылар саладағы өзекті әрі өткір мәселелерді көтеріп, үміткерге өз сауалдарын қойды. Нұрлан Әуесбаев бұған дейін саяси науқан алдындағы үгіт-насихат жұмыстарымен Қарағанды, Ақтөбе және Ақмола облысына ат басын бұрған болатын. Бұл шараларға ірі мегаполистер мен облыстардағы жақтастары да атсалысып жатыр. Айта кетейік, кандидат жоспар бойынша сайлауалды бағдарламасына сәйкес 50-ден аса іс-шара өткізбек.

Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Қарапайым жұмысшылар әр түрлі саланың, әр түрлі компанияның жұмысшылары келіп, өз проблемаларын айтты. Шынында да өте тартысты, тартымды өтті. Ашық пікірталас болды. Ендігі жоспар біз оңтүстікке қарай. Батыста болдық, осы Ақмола облысының айналасының барлығын араладық.

Қ. Мерей