Алматыда
Дінмұхамед Қонаевтан қалған жәдігерлер өртеніп кете жаздады. Ел аузында «Арбат»
атанып кеткен алаңда орналасқан ғимараттан бүгін таңға жуық өрт шықты. Қаладағы
тарихи ескеркіштердің санатына жататын ғимарат 1860 жылы салынған.
Дәл
осы жерде қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев атындағы қордың кеңсесі
орналасқан. Оның ішінде әйгілі тұлғаның портреттері, өзге де құнды жәдігерлер
сақталған. Өрт сөндірушілердің жедел қимылының арқасында ағаштан салынған көне
ғимарат өрттен аман қалды. Ал құнды дүниелер дер кезінде сыртқа шығарылған.
Одан бөлек, киім-кешек дүкендері, мейрамхана мен сұлулық салондары да төбеден
аққан судан айтарлықтай зақымданды.
Ал өрт сөндірушілерге ғимараттың шатырын
ашу кезінде қиындықтар туындаған. Барлығы 92 өрт сөндіруші жұмылдырылды.
Төтенше жағдай қызметкерлері алауды бір сағатта ауыздықтады. Өрттің аумағы 150
шаршы метрге тең. Қазір себептері анықталып жатыр.
Сандуғаш
Баймұхамбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми
өкілі:
Өрт
сөндіру кезінде қиындықтар туындады. Себебі ескі ғимараттың шатыры екі қабаттан
тұрады екен. Біріншісі ағашпен, оның үстінен тағы екі қабат темір қапталған.
Соны ашу қиын болды. Соған қарамастан, өрт сөндірушілер іштегі Қонаевтан қалған
ескерткішті, оригинал портретті аман алып шықты.
Ришат
АСҚАРБЕКҰЛЫ