Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда спорт мектебінің есепшісі 3 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2022
  • 1151

Павлодарда спорт мектебінің есепшісі қазына қаржысын жымқырған. Ол өзі қызмет еткен екі жыл ішінде бюджеттің 8 млн. 300 мың теңгесін қолды қылыпты. Экономикалық тергеу департаменті күдіктінің бассейн және спорттық жабдықтарын жалға беру, ақылы курстар өткізуден түскен қаржыға түбіртек бермей, өз қажетіне жаратқанын анықтаған. Павлодар қалалық №2 соты есепшіге 3 жыл бас бостандығын шектеу жөнінде үкім кесті. Сот оның кәмелетке толмаған екі баласының барын ескеріп, шешім шығарған. Күдікті кінәсін мойындап, қылмыстық іске барғанына өкінетінін жеткізді.

Ө. Қуанар