Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі РҚШ мүшелері Шығыс Қазақстан облысына барды

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2022
  • 1773

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Шығыс Қазақстан облысына барды. Еңбек ұжымдарымен, көпбалалы аналармен, бизнес-қоғамдастықтың және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.

Қазір мемлекеттікті нығайту үшін бекем бірлік керек. Облыстағы этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары осылай деді.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біз нақты демократиялық реформаларды бастадық. Бұл үлкен жолдың басы ғана. Қазақстан барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктері бар ел құруда. Біздің басты басымдығымыз, біз үшін басты құндылық Заң болуы үшін елеулі қадамдар жасалуда. Барлығы заңды ұстанды. Себебі ешкім заңнан жоғары болмауы тиіс.

Жиыннан соң штаб мүшелері жас ІТ-мамандармен кездесті. Онда кандидат жақтастары цифрландыру саласына қатысты басымдықтарға назар аударды. Сонымен қатар Республикалық қоғамдық штабтың өкілдері бизнес саласындағы жергілікті сарапшылармен және кәсіпкерлермен бірге осы бағыттағы бюрократиялық қысымды төмендету шараларын талқылады. Бұл сайлауалдындағы бағдарламада бар. Штаб мүшелері «Силумин-Восток» ЖШС өндірістік-инжинирингтік компаниясында болып, еңбек ұжымымен кездесті. Жұмысшы құқығы күшті кәсіподақтар мен қатаң мемлекеттік қадағалау арқылы қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасын құру туралы сайлауалды бастама кеңінен сөз болды.Ал көпбалалы аналармен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары сайлау алдындағы бағдарламаның әлеуметтік бағытына жан-жақты тоқталды.

Б. Сатуов