«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен туған жері Шымкент қаласына барды.
Нұрлан Әуесбаев Қазығұрт шағын ауданының тұрғындармен жүздесіп, сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарын таныстырды. Сонымен қатар, оппозициялық партия өкілі өзін ұсынған бірлестік туралы да қысқаша ақпар берді. Жиынға науқанның өту барысын бақылайтын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары қатысты. Кездесу барысында тұрғындар мен үміткер арасында ашық пікір алмасу болды. Айта кетейік, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.
Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:
Шымкент қаласында кезекті кездесу болды жұмыс сапарымен. Бұған өзімнің көңілім толды, ризашылық білдіремін. Мүмкін жерлестерім болғандықтан шығар, басқа шығар, халық көп жиналып отыр. Барлық тұрғындарға өзімнің сайлауалды бағдарламамды жақсы түсіндіріп, жеткізе білдім.
М. Қалиасқар