Русский Сайттың толық нұсқасы

Кандидат С.Тұрсынбекова Шымкент қаласы мен Түркістан облысына барды

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2022
  • 1103

Президентікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат науқанымен оңтүстік өңірлерді аралап жүр. Шымкентте құқыққорғаушылармен кездесіп, Түркістан облысындағы отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысты.

Салтанат Тұрсынбекова ең әуелі Шымкенттегі қалалық адвокаттар алқасымен кездесті. Жиынға қатысқандар негізгі мәселе деп халық тарапынан сотқа деген сенімнің азайғанын көтерді. Заңгерлер жиі тап болатын мәселелер қаузалып, ұсыныстар айтылды.

Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Кездесу көңілімнен шықты.Өйткені мен де жалпы өзім юрист болғанмын. Менің әріптестерімнің айтқаны, менің оларға жеткізгенім бір-біріміздің пікірлеріміз сай келеді бір-біріне.

Бұдан кейін Салтанат Тұрсынбекова Түркістан облысына барды. Ақсукент елдімекеніндегі отбасын қолдау орталығындағы әйелдермен кездесті. Қордаланған мәселелердің шешу жолдарын талқылады.

Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Бұл жиылысқа полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар қатысты. Психологтар, әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Өте бір жанға бататындай әңгіме болды. Өйткені аналардың мұңын, зарын естіп ойланбауға, толғанбауға мүмкін емес.

Үміткердің үгіт-насихат жұмыстары Түркістан облысында жалғасады.

А. Серік