Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ. Сатыбалдыұлының ісі бойынша шет ел асқан құны 230 млн доллар болатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2022
  • 1401

Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша шет ел асқан құны 230 млн долларлық эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды. Оған қосымша бағалы қағаздарға салған 300 млн АҚШ доллары жақын күндері ел қазынасына түседі. Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы мен басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Арман ТІЛЕУКЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шет елдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар орнатылып, елге қайтарылды. Сонымен қатар, Қ. Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу фактісі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз әкетілген капиталды іздеу және елге қайтару жалғасуда.

Р. Бақытжанқызы