Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте қылмыстық топ мүшелері кәмелеттік жасқа толмағандарды сексуалдық құлдыққа сатқан

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2022
  • 1574

Шымкентте қылмыстық топ мүшелері кәмелет жасқа толмағандарды сексуалдық құлдыққа сатып келген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Қылмыстық топтың іс-әрекеті тамыз айында тоқтатылған. Олар Шымкентте адам саудасымен, сексуалдық қанаумен, ұяларды күтіп-баптаумен және адамдарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартумен айналысқан. 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың 23 қылмыс жасауға қатыстылығы дәлелденген. Таяуда адам саудасымен айналысқан тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды.

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Үш ұйымдасқан топты құрықтадық. Ұсталды. Соның ішінде 11 адам қамауға алынды. 27 жәбірленуші бар, оның ішінде алтауы кәмелетке толмағандар, оны осы жуырда ғана ұсталған топ ол. Бүгін тергеу барысында жүріп жатыр.

А. Төребекқызы