Русский Сайттың толық нұсқасы

Баянауылда судың үстіне асфальт салған

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2022
  • 1719

Павлодар облысы Баянауылда судың үстіне асфальт төсеген. Оны жергілікті тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алыпты. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ашуын тудырды. Қарлы жаңбырдан кейін құрғамаған жерге жол жөндеушілер асфальт салған. Тұрғындар бұл жолдың сапалы боларына күмәнмен қарайды. Сол себепті асфальтты бұзып, қайтадан салуды талап етуде.

Баянауыл ауданының әкімдігі мұны жоққа шығарды. Айтуларынша, сол күні күн райы ашық болған. Жер су болған жоқ - деп айды аспаннан бір-ақ шығарды. Ал көлік тұрағына арналған жолға асфальт төсеуге 13 млн. теңге қаражат бөлініпті.

Бүркітбай БИЖАНОВ, БАЯНАУЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Әлі қабылдап алынған жоқ көлік тұрағы. Сапасы жағынан центр качество дорогтан лабораториялық анализін жіберткіземіз. Содан асфальттың сапасын жанағы, төселген қиыршық тастардың сол жанағы сараптамадан өткіздіреміз, әрине. Оның бәрін тексертеміз. Жанағы жанында көрсетіліп тұрған су көлік тұрағына жатпайды ол.

Ө. Қуанар