Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты форум өтті

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2022
  • 1601

Қарағанды облысында шағын кәсіпкерлердің 40 проценті - әйел. Қыз-келіншектер сауда-саттық, бьюти индустрия, медицина және әлеуметтік салаларда табысты еңбек етіп келеді. Бұл туралы «әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты аймақтық форумда айтылды. Кәсіпкер әйелдер денсаулық сақтау мен білім беру салаларын дамытуға да елеулі үлес қосып отыр. Алайда ауыл әйелдерінде қаржылық сауаттылық жетіспейді. Білім беруге, оқытуға бағытталған тренингтер аз,- дейді форумға қатысушылар.Сондықтан жыл сайын кәсіпкерлерге мотивация беретін арнайы сабақтар өткізуді сұрады. Тәжірибелі бизнес өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Айжан ҚИЯСОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚХА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің қазақстандық әйелдер жөнінде айтатын болсақ бізде кәзір әйелдер өте әр салаға өздерінің үлестерін қосып талпынып үлкен жұмыс жасап жатыр. Қоғамдық кеңестерде, ұйымдарда жұмыс істеп жатқанын көрсем біздің әйелдердің талпынысы да, мүмкіншілігі де, шығып жатқан жаңағы күші де оның жұмысының әсері де мол деп айтуға болады.

А. Қуаш