Русский Сайттың толық нұсқасы

QazaqGAZ Ұлттық компаниясы барлау және өндіру бойынша жаңа бөлімше құрды

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2022
  • 1919

QazaqGAZ Ұлттық компаниясы барлау және өндіру бойынша жаңа бөлімше құрды. Ол туралы ұлттық компанияның басқарма төрағасы Санжар Жаркешов өзінің Facebook парақшасында жариялады. Басшы жоба аясында инвесторлармен жұмыс істеп, газ көлемін арттырамыз – деді.

Амангелді Газ жауапкершілігі шектеулі серіктестігі QazaqGaz барлау және өндіру бөлімшесі болып қайта құрылды. Негізі Амангелді кен орны 1975 жылы ашылған. Қазір кәсіпорын 157 адамды жұмыспен қамтып отыр. Компания ел аумағында газдың ресурстық базасын ұлғайту үшін жұмыс істейді.

Санжар ЖАРКЕШОВ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Біз онға жуық жаңа барлау объектілерін алуға мақсат қойып отырмыз. Сондықтан жаңа активтер осы QazaqGaz барлау және өндіру компаниясының портфеліне кіретін болады. Және де ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Кейбір активтер бізге кіретін болады.

QazaqGaz басшылығы газдың ресурстық базасын арттыру жұмыс ын жалғастырмақ. Әсіресе, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кешенді шаралар қолға алынған.

Санжар ЖАРКЕШОВ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Газ саласында үлкен өзгеріс болып жатыр. Реформа жүріп жатыр. Ол деген басты мақсат, газ саласының экономикалық тиімділігі, инвестициялық тартымдылығы үлкен өзгерістер жасалынып жатыр. Өте позитивті өзгерістер. Сондықтан біздің Қазақстанның инвесторлары және шетелдік инвесторлар үлкен қызығушіліқ танытып жатыр. Сондықтан біз осы QazaqGaz барлау және өндіру компаниясының арқасында сол инвесторларды өзімізге шақырамыз.

QazaqGaz геологиялық барлау активтерін ұлғайтпақ. Компания жер қойнауын пайдаланушы ретінде артықшылығын қолданып, жаңа әлеуетті жобаларды қолға аламыз – дейді.

А. Задабек