Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының комиссия мүшелері «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын қадағалуда

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2016
  • 2265

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы партиялықтар назарында. Ақтөбедегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі арнайы комиссия «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан және бюджеттен бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын жіті бақылауға алып, құрылыс нысандарының дер кезінде халық игілігіне берілуін қадағалап отыр.

Қазіргі кезде аймақта әртүрлі саланың қызметін бақылайтын облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерінен құралған 5 комиссия жұмыс істейді. Бүгін солардың бірі мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген мектептер мен балабақшаны аралап, құрылыс барысын көріп қайтты.

Жеңісгүл Мұхамбетпайызова, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі комиссия төрайымы:

Негізгі бағыты - мынау әлеуметтік салада инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша, осы қаламызда, облысымызда салынып жатқан әлеуметтік нысандарды бақылау бойынша. Өздеріңіз білесіздер, осыған дейін талай БАҚ кездесу кезінде айтылды. Бүгінгі күні міне 4: 1 балабақша, 3 мектеп осы 1-ші қыркүйекте салынып қолданысқа берілгелі тұр.

Комиссия мүшелері әуелі «Нұр Ақтөбе» ауданында салынып жатқан жаңа мектептің құрылысын қарап шықты. Мектеп құрылысы 2014 жылдың мамыр айында басталған. Білім ордасын қыркүйектің бірінде қолданысқа беру көзделіп отыр. Мердігерлердің айтуынша, ғимараттың 95 пайызы салынып біткен. Енді ішкі сылақ жұмыстары мен мектептің жан-жағын көгалдандыру ғана қалған. Жаңадан бой көтерген нысанның жалпы аумағы 17 мың 500 шаршы метрді құрайды. Ғимаратты салуға 1 миллиард 600 миллион теңгеден астам ақша жұмсалған. Қомақты қаражат облыстық бюджеттен және « Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ұлттық қордан бөлінген. Қазіргі кезде бөлінген қаражат толықтай игеріліп отыр.

Бердіғали Селбаев, «Ақтөбе Электросетьстрой» ЖШС директорының орынбасары:

Қазіргі қалған жұмыстар - сырттағы аббаттандыру жұмыстары. Ішкі жұмыстар - ол құрылғыларды қосу  жұмыстары. Мектептің іші 100 пайызға дайын.