Русский Сайттың толық нұсқасы

Жол апатына тап болған астаналық сот шешімімен келіспейді

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2022
  • 1912

«Әділетсіз және заңсыз шешім шығарылды!». Осылай деген астаналық Нұрболат Әбілхан, телеарнамызға шағымданды. Айтуынша қос жолақты кесіп, көлігін соққан азаматпен соттасып, екі рет сотта жеңіліпті. Қара қылды қақ жарауы тиіс сот заңсыз шешім шығарды дейді ол. Тараптар уәжін тілшіміз тыңдап қайтты.

Нұрболат Әбілхан 19 тамызда Сарайшық көшесінде жол көлік апатына ұшырайды. Айтуынша оқиғаға солға бұрылып, қарсы қозғалысқа арналған жолға шығып, қос үздіксіз жолақты кесіп өткен азамат кінәлі. Оны айғақтайтын бейнежазбада бар. Алайда,

Нұрболат ӘБІЛХАН, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Жол көлік оқиғасының болу себебі сода. Бұрылмайтын жерден бұрылуында. Дәл осы сәтті есепке алмай, сіз тоқтауға мүмкіндігіңіз бола тұра, тоқтамадыңыз деген миға, логикаға сыйымсыз дүниемен шешім шығарып отыр судья. Соққан адамның өзі юрист.

Арызданушының пікірінше екі сотта да жеңіліп қалуына, BMW X5 көлік иесінің заңгер болуы тікелей себеп. Жол көлік оқиғасы орын алғанда дауды шешу үшін Семён Иссык 6 млн теңге ұсыныпты. Алайда, қос тарап бұл бағаға келісе алмаған.

Семён ИССЫК:

Мәселе жылдамдықта емес. Мәселе «уступите дорогу» деген жол белгісінің болуында. Сот өте ұзақ қарады. Бірінші сот 1 жарым ай қарады. Екінші аппеляциялық сот та өтті. Бейнежазбаны, екі жақты түсініктемені, схемамен танысты. Полиция қызметкерін екі рет жауап алды. Маған қос үздіксіз жолақты кесіп өткенім үшін 6 айға көлік жүргізу құқығымнан айырылдым. Ал ол 42 882 теңге айыппұл арқалады. Енді, кім көп зардап шекті?

Ал, судья сот шешімі - әділетсіз әрі заңсыз деген пікірмен келіспейді. Қайта, сот Нұрболат Әбілханның бұрын жауапқа тартылмағанын ескеріп, жаза барынша жеңілдетілгенін алға тартты.

Мейрамбек ИБРАШЕВ, СУДЬЯ:

Әбілхан Нұрболаттың әрекетінде Әкімшілік Кодекстің 610 баптың 1-ші бөлігінде көзделген және жол жүру қағидасының 8.3 тармағына сәйкес, қосалқы жолдан басты жолға шығу кезінде басты жолда болған көлік құралына жол бермеу салдарынан соқтығыс болғаны анықталып, сот Қаулысымен Әкімшілік Кодекстің 610 баптың 1-ші бөлігінде көзделген 30 пайызға азайтылып 42 882 теңге айыппұл тағайындалды.

Аталған жол оқиғаға байланысты тәуелсіз бірнеше заңгерге жүгіндік. Заңгер Ерқанат Бейсеновтың сот шешімі заңды деп отыр.

Ерқанат БЕЙСЕНОВ ЗАҢГЕР:

Құқық бұзушылық жағынан сот алдында ешқандай әрекеттер жасалмаған. Мен құқық бұзушылық хаттамасымен келіспеймін деді. Бірақ та протокол жазған күннен бастап, оның заңды екі айы бар. Осы 2 ай ішінде құқық бұзушы жоққа шығаруға мүмкіндігі болды. Барық та ол құқығын қолданбаған. Барлық дәлелдерді зерттесек, ол дәлелдерді ешкім жоққа шығармаған. Сондықтан бірінші сот шешімі дұрыс және заңды деп есептеймын.

Екі соттан да жеңіліс тапқан Нұрболат Әбілхан салын суға кетірмейді. Мемлекет басшысына үнім жетсін деген мақсатта әлеуметтік желіге жазба қалдырып, енді Жоғары сотқа қайта шағымданбақшы.

Р. Бақытжанқызы