Русский Сайттың толық нұсқасы

"Маса мен бүрге арқылы жұғады",- санитар-дәрігер

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2022
  • 2969

Оралдық тұрғынның терісінен құрт шықты. Адамдарда өте сирек кездесетін дертті ол жануардан жұқтырған болуы мүмкін. Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, «дирофиляриоз» дерті биыл бірінші рет анықталып отыр. Қатерлі ауруды жұқтырған науқасқа дереу операция жасалып, терідегі құрт сылынып алынған. Бұған дейін бұл дертті әсіресе ит-мысық жұқтырса, соңғы жылдары адамдар арасында да тарала бастады дейді мамандар. Қанмен тарайтын инфекция көбіне маса мен бүрге секілді қансорғыш жәндіктер арқылы жұғады. Дирофиляриозді жұқтырған жанның терісінің астында түйін пайда болады. Егер уақытылы емделмесе, ауру асқынуы мүмкін.

Айшат ҰЗАҚБАЙ, БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Дирофиляриозды барлық жастағы адамдар жұқтыруы мүмкін. Дегенмен ит пен мысық өсірушілер, ашық су қоймалары жанында тұратын адамдар және табиғат аясына жиі шығатын адамдарда көбіне жұқтыру қаупі жоғары болып табылады. Қатты қышу, шағуға тән емес ауырсыну сезімдері пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралған жөн.

Е. Карин