Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің республикалық штаб жұмысы қыза түсті. Бүгін үміткер кезекті кеңес өткізіп, аймақтарда атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.
Республикалық штаб отырысында сайлаушылар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер сараланды. Қарақат Әбден бұған дейін еліміздің алты аймағында болып, сайлаушылармен 20-дан астам кездесу өткізді. Көпбалалы аналармен, іскер әйелдермен, медицина және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен кездесті. Алдағы уақытта Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облысының сайлаушыларымен кездесу жоспарланған.
Арман ОРАЗҒҰЛОВ, КАНДИДАТТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ:
Аймақтарда 20 сайлауалды штаб жұмыс істейді. 2 мыңға жуық волентер тартылды. Үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Өңірлердені сенімді өкілдер сайлаушылармен кездесулер өткізуде. Тұрғындар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысуда.
Т. Әлжанов