Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат С.Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанының 16 күндігін қорытындылады

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2022
  • 1043

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанының 16 күндігін қорытындылады. Осы аралықта ол 6 өңірді аралап, 15 кездесу өткізген.

Кандидатпен жүздесуге 3 мыңнан астам адам жиналған. Салтанат Тұрсынбекова елордада өткен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестік өкілдерінің кездесуінде осылай деді. Саяси додаға да ол осы ұйымның атынан түсіп жатыр.

Айнұр ЖҮГІНІСОВА, «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

16 күндік қорытындыны тыңдап, жайланып, марқайып кетіп бара жатқан жайым бар. Жаңағы біздің «Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының аналары көріп отырсыздар ғой жүздерінен қандай көңіл күйде кеткендерін.

А. Базарбай