Русский Сайттың толық нұсқасы

Ерейментау-Павлодар тас жолы әлі де ашылған жоқ

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2016
  • 3692

Қатты нөсерден бүлінген Ерейментау-Павлодар-Аршалы тас жолы әлі де ашылған жоқ. Бұл туралы арнамызға Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Алик Мәндіров телефон арқылы хабарлады. Сондай-ақ, басшы Өленті өзені арнасынан асып, үйлерді жаппай су басқан деген ақпарды жоққа шығарды.

Алик Мәндіров, Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары:

17 үй деген ол дұрыс емес. Қораға, гаражға келді. Нақты сан жоқ қазір. Мен далада жүрмін. - Ал жол ашылған жоқ па бүгін?  - Ашылған жоқ, Павлодарға. - Қанша шақырым жол бүлініпті, соны айтасыз ба? - Айтпаймын! 

Ал төтенше жағдайлар қызметінің хабаралуынша, тас жолдың қазір Ерейментау-205-ші шақырымында жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Онда 11 техника күші тартылған. Аймақта төтенше топ құрылып, қанша үйдің ауласына су кіргені анықталмақ.

Айта кетсек, Ақмола облысына қарасты Ерейментау ауданда соңғы 3 күн толассыз жауын жауып, кесірінен Павлодар-Астана бағытындағы республикалық тас жол көпірмен қоса бүлінген болатын. Төтенше жағдай комитеті Қарағанды арқылы қатынауға кеңес беріп отыр. Сондай-ақ, аудандағы бірқатар ауыл мен Ерейментау қаласында үй шатырларынан су өтіп, аулалар көлшікке айналған. Әзірге нақты саны жоқ. Әкімдік арнайы комиссия құрып, шығынды есептеуге кіріскелі отыр. 

Құралай ПИОНЕР