Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат Қ. Тоқаевтың РҚШ мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына барды

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2022
  • 1210

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына барды.

Штаб мүшелері алдымен «Петерфельд Агро» өндіріс базасында болып, онда сайлауалды бағдарламада ауыл шаруашылығына байланысты айтылған мәселелер талқыланды.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Осы 3 жарым жылдың ішінде пандемия болды. Қасіретті қаңтар оқиғасы болып, бәріміз үшін қайғылы жағдай болды. Украйинадағы жағдайды да көріп жатсыздар. Осындай сын сағаты кезінде, ең бастысы еліміздегі тұрақтылықты сақтап, тәуелсіздігімізді күшейтіп, осы қиындықтардың бәрін еңсеріп келеміз және үлкен жетістіктерге де, жеңістерге де қадам басып жатырмыз деп айтсақ артық болмайды.

Мұнан соң штаб мүшелері Бескөл ауылында болды, тұрғындармен сайлауалдындағы бастамаларды талқылады. Сондай-ақ, Петропавл қаласындағы Kozybayev University университетінде жастармен кездесті. Сондай-ақ, өңірдегі қағаз өнімдерін өндіретін кәсіпорын мен электротехникалық зауытына барды.

Б. Сатуов