Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Павлодар облысының жұртшылығымен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және жастарымен кездесті.
Штаб мүшелері Екібастұз қаласындағы «Богатырь» ашық көмір кенішінде болды. Кеншілерге кандидат бағдарламасындағы жұмысшы құқықтарын қорғау және өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға қатысты басымдықтар туралы айтты. Бұдан бөлек, трамвай басқармасы мен электролиз зауытына барды. Жүздесу барысында сайлауалды бағдарламадағы жаңа өңірлік саясатқа арналған бөлімді талқылады.
Асхат ОРАЛОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бүгін республикалық қоғамдық штаб мүшелері Павлодар қаласына келдік. Мұнда біз тек облыс орталығы -Павлодар қаласында ғана емес, Екібастұз бен Ақсуда болдық. 10 ауданда кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесулер өткізілуде. Жалпы, осыған дейін республикалық қоғамдық штаб мүшелері 10-нан астам өңіргебарып, 13 мыңға жуық іс-шара өткізді.
Штаб мүшелері өңір жұртшылығымен де жүздесті. Онда сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылады. Жастармен де жүздесу өтті.
Б. Сатуов