Русский Сайттың толық нұсқасы

7,3 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2022
  • 1236

7,3 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Оның жалпы құны - 43 млрд теңге. Бұл туралы Бас прокурор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында мәлімдеді. Берік Асыловтың айтуынша, комиссия мемлекетке жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерін және басқа да мүліктік дүниелерді мемлекетке қайтару ісімен айналысып жатыр. Сондай-ақ бас прокуратура жер қойнауын пайдалану мен автомобиль жолдары салаларында жүйелі заң бұзу фактілерін анықтаған. Бұдан бөлек, жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке міндетті 96 миллиард теңге төлемегені белгілі болды.

Р. Бақытжанқызы