Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен 14 жасар жасөспірім мерт болды

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2022
  • 1538

Атырау облысында әкесінің көлігін рұхсатсыз айдап кеткен 14 жасар жеткіншек қаза тапты. Ал көліктегі өзге 4 жасөспірім аурухана түсті. Оқиға Құрманғазы ауданы Жасталап ауылы тұсында болған. Toyota Corolla автокөлігі жолдан шығып аударылып, автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушінің жеке басын анықтау барысында оның 2008 жылы туған жасөспірім екені анықталды.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

4 жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша қазір Құрманғазы аудандық полиция бөлімімен ҚК 345-бабы 3-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде жасөспірімдердің қатысымен 70тен астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10адам қаза тапты. 90адам түрлі дене жарақатын алды. Ал Атырау облысында 9 оқиға тіркелген.

Б. Надірқызы