Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында Сеңкібай арнасында тамшы су жоқ

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2022
  • 2720

Жамбыл облысындағы Сеңкібай арнасында қазір тамшы су жоқ. Оның бойында 14 елдімекен орналасқан. Тіршілік нәрінен тарықтық деген тұрғындар бұған қала билігін айыптайды. Себебі арнаны біреулер басқа жаққа бұрып, жекенің жеріне жығып берген. Ал оған қадағалау жүргізбеген қала әкімдігі кінәлі дейді. Бұған әкімдік өкілдері не дейді? Берік Жұмабай тарқатады.

Бұл – су сұрап, жоғын жоқтаған жеті ауылдың жұрты. Олар қала сыртындағы Сеңкібай арнасының суы сарқылған жерге жиналды. Себебі каналдың бойын жағалай жатқан елдімекендердегі шағын көлшіктер тартылып, ауыл маңайында мал ішетін су қалмаған. Осының кесірінен жер асты суы да төмендеп кеткен көрінеді.

Әнуар СЕРІКБАЕВ, СЕҢКІБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің ауылда қысы жазы ағып жатқан су еді. Қазір құдығымыз тартылып кетті. Каналдың бойында отырған халықтың күн көрісін бір екі кәсіпкер жабуының арқасында мынанша халық жинап отырмыз. Мына жақтағы халық қалай күн көреді. Сонда әркім осылай жаба берсе сонда оған тексеретін адам жоқ па?

Досым ЖИЕНБАЕВ, БАЙЗАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің талабымыз осы қаладан шығатын қара суды қайтып Сеңкібай каналына түсіруін өтінеміз.

Бұлақтың көзін жауып, қолдан жұт жасаған жергілікті биліктің әрекетін тұрғындар түсіне алмаймыз дейді. Ал әкімнің орынбасары бұл тек бір арнаға қатысты проблема емес дейді.

Нұрбол ҚАЛДЫБАЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде қала бойынша сегіз канал бар. Бүкіл сегіз каналдың санитарлық қорғау аумақтары сақталмаған. Ол бойынша әкімнің тапсырмасына сәйкес арнайы топ құрып каналдар бойынша жұмыстар жүргізейін деп жатырмыз.

Қорғау аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандары мен жеке үйлердің барлығы тексеріледі.

Б. Жұмабай