Русский Сайттың толық нұсқасы

«Электоралды белсенділік азаматтық бірегейлік факторы» атты жалпы республикалық конференция өтті

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2022
  • 1757

Елордада «Электоралды белсенділік азаматтық бірегейлік факторы» атты жалпы республикалық конференция өтті. Оны «AMANAT» партиясы мен қоғамдық саясат институты және Еуразия ұлттық университеті бірлесіп ұйымдастырды. Шарада отандық және шетелдік сарапшылар жаһандық және жергілікті сайлау үрдістерін, азаматтық бірегейлік мәселелерін талқылады. Жалпы қоғамның саяси белсенділігін арттыру бойынша пікірлерін ортаға салды.

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Әлеуметтік саяси белсенділіктің дамуы арқылы қалыптасатыны баршамызға мәлім. Бірақ біз енді осы қоғамдық, әлеуметтік, саяси белсенділікті айтып өткенде біз ең бірінші, осы қоғамдық мәдениетті, әлеуметтік мәдениетті және саяси мәдениетті қалыптастыру арқылы осы белсенділікке қол жеткізуіміз тиіс.

Б. Сатуов