Русский Сайттың толық нұсқасы

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы "Нөлдік төзімділік" тұжырымдамасына қосылды

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2022
  • 1372

"QazaqGaz" ұлттық компаниясы әлемдік еңбек қауіпсіздігі тәжірибесіне қосылады. "Бұл жазатайым жағдайлардың алдын-алады" дейді компания басшылығы. "Нөлдік төзімділік" тұжырымдамасы негізінде бірқатар жаңашылдық енгізбек. Ұлттық компаниядағы оң өзгерістер туралы алдағы бейнематериалда.

"QazaqGaz" ұлттық компаниясы енді еңбек қауіпсіздігіне байланысты әлемдік тәжірибені қолданады. "Нөлдік төзімділік" тұжырымдамасына қосылады. Бұл озық тәжірибе және өндірістік жарақаттануды айтарлықтай төмендетуге, жазатайым оқиғалар мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарының санын қысқартуға мүмкіндік беретін алдын алу шараларын іске асыру мәселелері бойынша тараптардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

Санжар ЖАРКЕШОВ, "QAZAQGAZ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Біздің басты құндылықтарымыз ол біздің адамдарымыз, адамдарымыздың денсаулығы олардың қауіпсіз жұмыс істеуі. Біз бүгінгі форумда әлемдік тәжірибеге қосылдық бұл еңбек қауіпсіздігі."Самұрық қазына" қорының бастамасымен 2022 жылы еңбек қауіпсіздігі жылы болып табылады. Біз де оған қосыламыз.

 "QazaqGaz" ұлттық компаниясы еңбек қауіпсіздігіне байланысты бірқатар өзгерістерді қабылдады. Яғни енді қызметкер еңбек жағдайы өзіне қауіпті болып көрінген жағдайда, басқарма төрағасы атынан кез-келген уақытта өндірісті тоқтата алады. Бұл жазатайым жағдайлардың алдын-алады дейді. Компания басшылығы ең бастысы адам өмірінің қауіпсіздігі екенін атап өтті.

Санжар ЖАРКЕШОВ, "QAZAQGAZ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Біздің қызметкерлеріміздің кәсіби өздерінің өндірістегі киімдері әлемдек деңгейге көшіп жатырмыз. Өзіміз шетелде жұмыс істедік. Адамның жұмыс киімдері, қолындағы қолғабы бәрі қандай деңгейде болу керек, қандай қауіпсіздік деңгейде болу керек, қандай стандартта болу керек соның бәрін біз өзгертіп жатырмыз.

"Нөлдік төзімділік" тұжырымдамасы аясында "QazaqGaz" ұлттық компаниясы мен "Самұрық қазына" қорына қарасты компаниялар бірлескен шараға байланысты құжаттарға қол қойды. Енді ұлттық компанияда еңбек қауіпсіздігін жақсарту үшін жүйелі шаралар іске қосылмақ. Компания басшылығы алда жауапты міндеттер бар екенін айтты.

Б. Сатуов