Русский Сайттың толық нұсқасы

Белгілі сатирик, журналист, Қазақ радиосының ардагері Көпен Әмірбекті халық соңғы сапарға шығарып салды

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2022
  • 2067

Белгілі сатирик, журналист, Қазақ радиосының ардагері Көпен Әмірбекті халық туған жері Отырарда соңғы сапарға шығарып салды. "Қазақтың Көпенімен" қоштасуға жиналған жұрттың қарасы мол. Саналы ғұмырын қасиетті сахнаға арнаған әйгілі сықақшыны қалың ел қимастықпен өзі еңбек жолын бастаған киелі сахнадан шығарды. Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының, Парасат орденінің иегері 73 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Жиылған жұрт марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, естеліктерімен бөлісті.

Мереке ҚҰЛКЕНОВ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бүгін қазақ әдебиеті үлкен қазаға ұшырады.Бұл Көпен деген есім сонау Асқар Тоқманбетов, Оспанхан Әубәкіров сияқты ұлы сатириктердің соңғы тұяғы еді.

Б. Сатуов