Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевтың РҚШ мүшелері Атырау облысына барды

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2022
  • 1091

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Атырау облысына барды.

Штаб мүшелері өңірдегі «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауытының ұжымымен кездесті.Онда кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген елдің энергетикалық секторын дамыту жөніндегі шараларға назар аударды.

Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ:

Құрылған коалициялық топ сайлауға байланысты Атырау жеріне келдік. Біздің мақсатымыз - осы жергілікті халықпен өндіріс орындарындағы адамдармен кездесіп, сайлаудың маңыздылығы, сайлауға байланысты түсіндіріп айту.

Жиыннан соң, кандидат жақтастары облыс жұртшылығымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның өңірлердегі әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға арналған бөліміне егжей-тегжейлі тоқталды.

Б. Сатуов