Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық байқаушылар Қ. Әбденнің сайлауалды кездесуіне қатысты

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2022
  • 986

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесуі жалғасуда. Бүгін ол мегополистегі ірі өндіріс ошақтарының бірінде болды.

Фабрикада 120 адам еңбек етеді. Киім-кешек, төсек-орын бұйымдарын шығарады. Кездесу барысында кандидаттың бағдарламасы таныстырылып, қоғамдағы өзекті мәселелер мен әлеуметтік сұрақтар талқыланды. Тігін фабрикасы ұжымының басым көпшілігі әйелдер қауымы болғандықтан, олардың тарапынан кандидат ұсынған әйел-аналарды, көпбалалы отбасыларды қолдау мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қатысты шараларға баса мән берілді. «Отбасы мен аналардың әлеуметтік мәселелері – бұл ел экономикасының дамуын көрсететін бірден-бір көрсеткіш. Менің сайлауалды бағдарламамда бұл сұрақтарға көп көңіл бөлінген. Қазіргі кезде отбасы институтын жан-жақты нығайту, оның мәртебесін арттыру, көп балалы аналарға қолдау көрсету ерекше маңызды», - деді үміткер.Бұдан кейін кандидат Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы тарапынан келген байқаушылармен кездесті. Алдағы саяси науқан төңірегінде пікір алмасып, ой-пікірлерімен бөлісті. Қарақат Әбден бұған дейін 8 облыста 30-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта Түркістан және Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен жүздеседі.

Т. Әлжанов