Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Маңғыстауға ат басын тіреп, Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен дидарласты.
Нұрлан Әуесбаев басқосуда сайлауалды тұғырнамасын ұсынып, “Жалпыұлттық социал-демократиялық” партиясы туралы бұқараны құлағдар етті. Сайлаушылар тарапынан да оппозициялық партия өкіліне бірсыпыра сұрақ қойылды. Негізінен қымбатшылық, партияның жұмысы, білім саласы мен мұнайшылардың зейнетке шығу жасына қатысты мәселелер көтерілді. Бұл үміткердің сайлауалды науқаны аясында барған- сегізінші аймақ. Ертең кандидат Ақтау жұртшылығымен жолығады.
Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:
Біз сайлауалды бағдарламамыз бойынша Қазақстанның барлық өңірін аралап өттік. Шығыстан басқа аймақтардың бәрінде. Кездесу барысында айтылған пікірлер оның ішінде әр түрлі пікірлер болды. Мемлекеттің құрылымы туралы, басқа да. Бірақ, маған өте ұнаған сұрақтардың бірі жергілікті жердегі мәслихат депуттарын сайлау, олардың белсенділігін қалай арттыру керегі туралы.
Қ. Мерей