Русский Сайттың толық нұсқасы

Батысқазақстандық жүргізушілер сұйытылған газдан тарығып отыр

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2022
  • 1196

Батыс Қазақстан облысының көлік иелері газдан тарығып отыр. Биыл да газ жылдағыдай күрт азайып кетті. Май құю стансаларының кейбірінде көгілдір отын мүлдем жоқ. Ал енді бірінде көлік иелері кезегін сағаттап күтуге мәжбүр.

Салаға жауапты шенеуніктер газ тапшылығына Атырау мұнай өңдеу зауытын кінәлайды. Өйткені жөндеуге уақытша тоқтатылған кәсіпорын әлі жұмысқа кіріспеген. Межелі мерзім 14-қарашаға белгіленгенімен, газ әлі жоқ. Осының кесірінен өңірдегі газ толтыру стансаларында небары 180 тонна сұйытылған газ қалыпты. Бірақ аймақ атқамінерлері жағдай бақылауда деп сендірді. Өйткені Энергетика министрлігі Ақтөбеден қосымша 504 тонна газ бөлгізген. Ол Оралға темір жол арқылы жеткізіледі.

Темірхан МЕҢДІҒАЛИЕВ, БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Облыстағы газ толтыру стансаларында жанармай жеткілікті. Біз енді ұсақ газ құю бекеттеріне қажетті отынды біртіндеп жіберіп, облысты толық қамтуға тырысамыз. Атыраулық зауыттың өнімі жеткенде газ толтыру стансаларындағы көлемді толтырамыз.

Е. Карин