Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 8 адам есірткіні шамадан тыс пайдаланып қаза тапқан

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2022
  • 1972

Ақтөбе облысында 8 адам есірткіні шамадан тыс пайдаланып көз жұмған. Ал есірткіге тәуелділер саны ресми түрде 2 мыңға жуықтайды. Арасында кәмелетке толмағандар да бар.

Есімін атап, түрің көрсетпеуді өтінген бұл жігіт -38 жаста. Ата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде өскен. 18 жасынан бастап есірткі тұтынады. Ол алғаш рет достарына еріп есірткінің ауыр түрі героиннің дәмін татыпты. Сонан кейін сол бәленің шырмауынан шыға алмай қалған.

Қазір арнайы орталықта есірткіге тәуелді 25 адам ем алып жатыр. Арасында екі әйел бар. Мамандардың айтуынша, соңғы кезде жастардың арасында синтетикалық есірткіге әуестік артқан. «Крокодиль», «Скорость» деген қолдан жасалған есірткілер де танымал.Тағамға қолдануға арналған мактың өзінен есірткі жасайтындар бар көрінеді.

Есенаман НЫСАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сегіз адам неліктен уланып өлді десеңіз. Сот медициналық экспертиза бойынша тексеріп денесін ашып қарағанда олардың қандай есірткі қабылдаса да, опиум болып шығады. Морфин болып шығады. Соған байланысты олар сол опиумға тәуелді адамдар болып есептеледі.

Өңірде есірткіні тұрғын үйлердің сыртында жазба арқылы насихаттап, телеграмм каналдар арқылы сату белең алған. Бұл бойынша 12 дерек анықталып, 20-дан астам жазба жойылған.

Өркен ЕЩАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:

Астана ауданы 1 Қалалық полиция бөлімімен көрсетілген фактілер бойынша ҚК 297 бабы 4 бөлігі және 262 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Қылмыстық топ құрды деген 6 күдікті ұсталып, сот үкіміен барлық мүшелеріне 16 жылдан 17 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ақтөбеде қазір наркологиялық есепте 1786 адам тұр. Оның 117 әйел, екеуі -кәмелетке толмаған жасөспірім.

Б. Рахметова