Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2022
  • 1606

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары аясында Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығаратын зауыттың іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Президентке жобаның төлқұжаты таныстырылды. Сондай-ақ, 2024 жылдың төртінші тоқсанында ашылады деп жоспарланған зауыттың үлгісі көрсетілді. Жоспар бойынша кәсіпорынның өндіріс аумағы 100 мың шаршы метрден асады. Үш автокөлік маркасының әрқайсысы үшін дәнекерлеу және құрастыру жұмыстарына арналған жеке цех салынады. Зауыт іске қосылғаннан кейін оның өндірістік қуаты жылына 90 мыңнан астам көлік шығаруға жетеді деп жоспарлануда. Инвестицияның жалпы құны 100 миллиард теңгеден асады. «Astana motors» компаниясы 2200-ге жуық жұмыс орнын ашады. Қасым-Жомарт Тоқаев жобамен танысқан соң зауыт жұмысшыларымен әңгімелесті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл жоба елімізге өте қажет. Сондықтан тәуекел дейміз. Зауыттың жұмысына сәттілік тілеймін. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мырза биыл Қазақстанға келген кезінде келіссөздер болды. Құтты болсын дегім келеді!

Ә. Дүкембаева