Бүгін Орталық сайлау комиссиясының көшпелі семинар кеңесі сайлау учаскелерінің дайындығын пысықтады. Елордада – 407 сайлау учаскесі науқанға дайын. Биыл тұрғындар санынын артуына байланысты тағы 59 жаңа дауыс беру орыны ашылған. Аумақтық сайлау төрағасының мәліметінше, биыл 770 мыңға жуық елордалық Президент сайлауына қатысуға ниетті.
Бақыт БЕКТЕМІСОВА, АСТАНА қ. АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Учаскелердің бәрі безендіріліп, учаскелердің көпшілігі дайын тұр. Нақты тізіммен жұмыс жүргізіліп жатыр. Сайлаушылар өздерін тізімде нақтылап жатыр. Оның сыртында бірнеше сервистік қызмет көрсетіледі. Онлайн тәртібінде. Әр сайлаушы өзінің учаскесін іздеп, тауып алуына болады.
А. Задабек