Русский Сайттың толық нұсқасы

Ж. Дайрабаев Махамбет ауданына барды

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2022
  • 1608

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Атырау облысына барды. Сайлаушыларымен кездескен "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілі өзінің сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Кандидат алдымен Махамбет ауданында салынып жатқан жылыжайдың құрылысымен танысты. Кешен 5-6 гектар аумақты алып жатыр. Өнім көлемі де жаман емес. Мұнан соң Сарайшық музейіне барып, Алты Алаш тарихынан сыр шертер деректермен танысты. Көне қаланың Жайық өзені жағасындағы орнына да ат басын бұрды. Аудандағы медициналық мекеме, мектеп және мәдениет үйіне соқты. Саяси бірлестік өкілдері жергілікті шаруалармен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ондағы әрбір мәселені жан-жақты талқылады.

Жигули ДАЙРАБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Жалпы Махамбет ауданында әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлар қолайлы шешілген. Дегенмен бұл жерде де істелетін тірлік көп. Жаңағы кесененің құрылысы желтоқсан аяғында аяқталады дейді. Сарайшықтың үлкен кесенесі бітетін болса. Бұл жерде газ бар екен, су бар екен.

Р. Бақытжанқызы