Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат С.Тұрсынбекова Маңғыстау облысында жауынгерлердің аналарымен кездесті

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2022
  • 1040

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Маңғыстау облысында жас сарбаздардың аналарымен кездесті.

Кандидат Салтанат Тұрсынбекова кездесу барысында сайлауалды бағдарламасын толыққанды түсіндірді. Әскердегі өлім-жітімнің көптігіне, суицидке итермелеу фактісінің азаймай тұрғандығына тоқталды. Айтуынша, биылдың өзінде Қазақстан армиясында 10 шақты адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Әскери прокуратураның мәліметтері бойынша, 10 жыл бұрын еліміздің ҚК қатарында 91 адам көз жұмған. Оның 26-сы әскери қызметшінің өз-өзіне қол жұмсау фактісі. Ал 2009 жылы әскери бөлімдерде суицид жасаудың 39 дерегі тіркелген. Құқық қорғау органдарының ресми дерегі бойынша былтыр Қазақстан армиясында 16 адам өз-өзіне қол жұмсаған. Ал биыл суицидке итермелеу фактісі бойынша он шақты қылмыстық іс қозғалған.

А. Базарбай